02 Шілде, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы №20

238 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
  2016 жылғы 23 ақпан ,8 Астана қаласы «Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 20 мамырдағы № 585 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. «Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 20 мамырдағы № 585 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11457 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 24 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде: 5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 286-бабымен белгiленген талаптарға құжаттарына сәйкес келген жағдайда, құжаттарды қарастырған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде қызметті берушінің басшысының Келісімшарт жасасу туралы бұйрық қабылданады;»; 8-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «5) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 286-бабымен белгiленген талаптарға құжаттары сәйкес келген жағдайда, көрсетілген қызметті берушінің басшысы құжаттар қарастырылған қорытынды бойынша екі жұмыс күні ішінде Келісімшарт жасасу туралы бұйрықты қабылдауды;»; 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттерінің толық сипаттамасы осы Регламентке қосымшаға сәйкес «Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференцияларды ұсынуды көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу» мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.». 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитеті (Е.Қ. Хаиров): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә.ИСЕКЕШЕВ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 16 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13496 болып енгізілді.
Соңғы жаңалықтар

Терраса тақтасы

Ғылым • Кеше